"Германия мен Мәскеуге бет алған жолаушылар бірнеше күннен бері Қарағандыдан ұша алмай отыр. Оған себеп, Ресейдің әуе желілері Қарағандыдағы "Сарыарқа" әуежайына 200 мың доллардан астам қаржы берешек", - деп хабарлады "Сарыарқа" әуежайының өндіріс жөніндегі вице-президенті Михаил Сакович.
"Біз оларға көп шағым жаздық. Бірақ Ресей әуекомпаниясы үнсіз. Олар бізге бес рейстің бағасын төлеген жоқ", -деді М. Сакович.
Ресей әуекомпаниясының ресми өкілі Михаил Роменский телефон арқылы берешекті өтеу үшін бәрі жасалып жатқанын жеткізді. Бірақ қазір төлем тым баяу қайтарылуда, бір жолда 18 - 20 мың доллардан ғана ақша аударылуда.
Рейс жолаушылары ашулы. Олар бүгінге дейін ыстық тамақпен және жатар орынмен қамтамасыз етілген жоқ, оған өздері шығындануға тура келді. Көбінің ақшасы таусылып, жұмыстарынан кешігіп қалған.