Іскерлік саммитке қатысу — Ресей экономикасына қазірдің өзінде елеулі пайда әкеле бастады деді РФ президенті. Әлемнің көптеген елдері Ресейді сенімді әрі келешегі зор әріптес ретінде таниды.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы форумының, соның ішінде оныі іскерлік бөлімінің басты мақсаты- аймақ тұрғындары үшін жаппай қолайлы жағдай жасау болмақ. Осыған байланысты В.Путин бірқатар елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылықтарға алаңдаушылық білдірді. «Ахуалды сауықтырудың бір жолы — барлық мемлекеттер мүддесінің жүйелі тепе-теңдігі негізінде инвестициялық режимдер мен сауда-саттықты либерализациялау болмақ»,- деп мәлімдеді В.Путин.
Өз сөзінде РФ президенті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі, өз елінің Жалпы Ішкі өнімінің мөлшерін екі есе арттыру, лаңкестікпен күрес мәселелеріне де тоқталып өтті.