Ресей және Қырғызстан президенттері Қанттағы ресейлік әуебазасының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей және Қырғызстан президенттері Қанттағы ресейлік әуебазасының ашылуына қатысты

Ресей және Қырғызстан президенттері Қанттағы ресейлік әуебазасының ашылуына қатысты

Ресей және Қырғызстан президенттері Қанттағы ресейлік әуебазасының ашылуына қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. Әскери базада Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының ұжымдық ұтқыр күштері орналасатын болады.

  • 23 Қазан 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, Владимир Путин мен Асқар Ақаев Қанттағы әуебазасының табысты жұмыс істейтіндігіне және екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың жемісті дамитынына сенім білдірді. Президенттер сондай-ақ, Қанттағы әуебазасында бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге келіскендерін хабарлады.

Алдағы жылы базаның құрлықтағы күштердің көлемді бөлімшелерін қабылдау мүмкіндігін тексеру үшін Қанттағы әуе базасына Ресей қарулы күштерінің бөлімшелері түсіріледі.
Қанттағы әуебазасының ашылуын президенттер екі ел тарихындағы елеулі оқиға деп бағалады. Бұл база Қырғызстан мен жалпы аймаққа төнуі мүмкін қандайбір қатерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
В.Путин мен А.Ақаев Орталық Азиядағы ахуал тұрақты болғанымен күрделі күйінде қалып отырғанын атап өтті. Сол себепті аймақтағы қауіпсіздікке баса назар аудару дұрыс деді президенттер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, әуебазасы Ресей авиациялық базасының Қырғызстан аумағында орналасу жағдайы мен мәртебесі туралы Ресей-Қырғызстан аралық келісімге сәйкес құрылған. Келісімде айрықша атап көрсетілгеніндей, «Ресей әуебазасының Қырғызстанда орналасуы таза қорғаныстық сипатта болумен бірге өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмайды». Мәртебесіне қарай әуебазасы Ресейлік болғанымен, шын мәнінде Ұжымдық ұтқыр күштер аясында жұмыс істейді.
Қазіргі жағдайда әуебазасында Су-27 және Су-24 маркалы 10 ұшақ, 2 әскери-тасымал ұшағы, 13 оқу-жаттығу мақсатындағы ұшақтар мен тікұшақтар орналасқан. Сондай-ақ, әуебазасында Ресейлік және Қырғызстандық әскерилермен бірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше Армения, Беларусь, Қазақстан және Тәжікстан жауынгерлері орналаса алады.

Соңғы жаңалықтар