Ресейде 14 жасар Қазақстан азаматы 45 жасар әйелді зорлады деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.16
  • 534.92
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде 14 жасар Қазақстан азаматы 45 жасар әйелді зорлады деген күдікке ілінді

Ресейде 14 жасар Қазақстан азаматы 45 жасар әйелді зорлады деген күдікке ілінді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 14 жасар Қазақстан азамат 45 жасар Ресей азаматшасын зорлады деген күдікке ілінді.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 3027
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ресейдің "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдай 25 сәуір күні күндізгі 2 шамасында, 45 жасар әйелдің үйінде орын алған. Әйел үйіне біреудің баса көктеп кіргісі келетінін айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, 14 жасар Қазақстан азаматын тұтқындаған.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, бұл жағдай екінші рет орын алып отыр. 20 сәуір күні де 14 жасар жеткіншек 45 жасар әйелге тиіспек болған көрінеді. 


Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірім бөлімшеде жауап беріп, кейін үйіне жіберілген. Қазір бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.