Ресейде айрықша жүйріктігімен аты шыққан тұлпар Найман торының демі үзілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде айрықша жүйріктігімен аты шыққан тұлпар Найман торының демі үзілді

Ресейде айрықша жүйріктігімен аты шыққан тұлпар Найман торының демі үзілді

Жүйрік жылқының шабысын әлеуметтік желіден көрген талай жан тасманған болатын.Бірақ оның да үзілер шағы жетіпті.

  • 19 Маусым 2019
  • 5697
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сәйгүлік аттың иесі Мейірім Әуелханұлы желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.   

Барлығымыз уақытша ғана жүрміз бұл дүниеде, ерте ме, кеш пе қайтамыз келмеске. Бірақ жануар болса да қимайсың екен өлімге, тым болмағанда осы өмірді бірге сүрсек деген қиялың жібермейді екен. Жаратушы ием жанұарымның маңдайына жазып қойған уақыты біткен болар…

СƏЙГҮЛІКПЕН ХОШТАСУ

Атыңнан айналайын Найман торым,
Өзіңмен тоғыспаған жəйдан жолым.
Үкілеп аламанға қосқанымда,
Қалың ел, озып кел деп жайған қолын.

Қыз-кекіл, елең-құлақ, киік- мұрын,
Шоқтығың көп тұлпардан биік тұғын.
Тең тастап төрт тұяғың тасты илесе,
Мерейін тасытатын сүйікті ұлдың.

Адамнан артық көрер достан едің,
Еңбегім кетпеген еш, босқа менің.
Сүйріктей сипатыңды сылап-сипап,
Бəйгеге құнаныңда қосқан едім.

Атағың айдың астын аралаған,
Қандай сұқ, көзі тиіп жаралаған.
Сұлудай сылаң қағып өткеніңде,
Тамсанып, жан қалмайтын қарамаған.

Қасқаң бар көлбей біткен маңдайға нық,


Жүруші ем, құмарыма қанбай қалып.
Тұлпарым, көз тиді ме, сөз тиді ме..
Көргенде, "пах, шіркін" деп таңдай қағып.

Шапқанда шаңнан боран түзілгендей,
Тоқтамас, əр мəренің жүзін көрмей.
Өлді деп сəйгүлігің хабар жетіп,
Отырмын, жан-жүрегім үзілгендей..

Өзіңмен, ел аралап еттім мекен,
Алсам да көңіліме көп күн, секем.
Көзіңде дөңгеленіп бəйге алаңы,
Соңғы рет, тұяқ серпіп кеттің бе екен.

Баптаған кішкентайдан тай-құлыным,
Дүлдүлдің дақпыртындай жəй дүбірің.
Ғаламнан сендей серік табар ма екем,
Адамдай, текті туған -сəйгүлігім.!

Хош бол, Найман торы.!

 

Соңғы жаңалықтар