Ресейде барлық ЕО елдерінен көкөніс тасымалына тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде барлық ЕО елдерінен көкөніс тасымалына тыйым салынды

Ресейде барлық ЕО елдерінен көкөніс тасымалына тыйым салынды

Бүгіннен бастап Ресейде барлық Еуроодақ елдерінен көкөніс тасымалына тыйым салынды.

  • 2 Маусым 2011
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Роспотребнадзор» бұл шешімді Еуропа бойынша өткір ішек жұқпалы індетінің таралуы салдарынан қабылдап отыр. Бұған дейін «тыйым» тек Германия мен Испаниядан әкелінетін өнімдерге ғана салынған болатын, — деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Германия бойынша 16 адамның өмірін қиған ішек жұқпалы індеті тағы бір еуропалық ел — Чехиядан табылды. Прагалық ауруханаға ішек құрылысының бұзылуы белгілерімен бір американдық жиһангез қыз келіп түскен. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты деп бағалануда.

Жалпы Еуропа бойынша аталмыш дертке шалдыққандардың саны мыңнан асады, алайда жұқпалы індеттің шығу көзі әлі табылмай отыр. Германияда жасалған соңғы сараптау нәтижесі бойынша, испандық қиярлардың оған еш қатысы жоқ көрінеді. Дегенмен, жағдайды ушықтырмас үшін сарапшылар уақытша көкөніс тұтынудан бас тартуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар