Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті.
Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді. Ал олар жан-жаққа қашқан.
"Российская газета" басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.
"Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті", — дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.