Ресейде кедейлер көбейіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде кедейлер көбейіп барады

Ресейде кедейлер көбейіп барады

Ресейде кедейшілік кебін кигендердің қарасы қалыңдап барады. Бір алаңдататыны осыдан 5 жыл бұрын олардың саны 15 миллионнан астам болса, биыл 22 миллионға жеткен.

  • 14 Шiлде 2017
  • 237
Фото - Caravan.kz

Ресейдің әрбір алтыншы тұрғыны шектен тыс кедей тұрады. Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылдың  алғашқы үш айында мұқтаж адамдардың қатарына екі миллион адам қосылыпты, деп хабарлайды "Хабар-24". 

— Мүгедектер, зейнеткерлер сияқты әлеуметтік жағдайы нашар жандардың табыстары дұрыс есептелмеген. Тағы бір себеп – жұмыссыздар санының артуы. Оған қоса көлеңкелі экономиканың үлесі көбейіп бара жатыр, — дейді Экономика жоғары мектебінің профессоры Александр Абрамов.

Өткен алты жылдың ішінде Ресейде кедейлердің саны күрт көбейген. Ал, биылғы өсімінің себебін мамандар нақты айта алмайды.

— Мұнай бағасы да, ұлттық валюта бағамы да сол қалпында тұр. Кенеттен осындай жағдайға тап болдық. Оны зерттеп, арнайы шара ойластыру керек. Мұқтаж жандардың саны өзінен-өзі азаймайды. Қазіргі  жағдай экономика саласына айтарлықтай өзгерістер енгізуді талап етеді, — деп түйді А.Абрамов.

Бұл жерде мамандар оғаш көретін бір жайт бар. Кедейліктің алдында тұрғандардың арасында әлеуметтік жағынан белсенді, жұмыс істейтін адамдар аз емес. Нақтырақ айтқанда олардың саны 5 миллион адам. Мамандардың айтуынша оның себебі – көлеңкелі табыс табатындардың саны көбейгенінде. Жалпы алғанда нақты кедейліктің көлемі статистика көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары дейді экономистер.