Ресейде лаңкестер тізімінде Қазақстан азаматы жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде лаңкестер тізімінде Қазақстан азаматы жүр

Ресейде лаңкестер тізімінде Қазақстан азаматы жүр

Ресейде лаңкестер тізімінде Қазақстан азаматы жүр. Ең қауіпті деген 52 адамның аты-жөнін көрші елдің арнайы қызмет орындары тізіпті. 

  • 11 Маусым 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz


Арнайы дайындықтан өтті делінген бүлікшілер экстремистік ұйымдардың белсенді мүшелері болып танылды. Араларында отандасымыз Асанәлі Жекебаевтің есімі де бар. Шығыс Қазақстанның тумасы 2009 жылдан бері іздеуде жүр екен. Павлодар облыстық ІІД 36 жастағы Асанәлі Жекебаевқа жергілікті кәсіпкер Борис Костановты өлтірді деп айып таққан. Ол  аталмыш іс бойынша 2007жылы сотталып, бір жыл өтпей денсаулығына байланысты босатылған екен. Кейін шетел асыпты. Бірақ Костановтың туыстары оның мерзімінен бұрын босатылғанына келіспей, іс қайта қозғалды. Тіпті Интерпол оны Австрияда ұстағанмен, жергілікті сот бірнеше тәуліктен кейін қайта босатып жіберген. Содан бері іздеу жарияланған Жекебаевтың есімі аталған ресейлік лаңкестер тізімінен бір-ақ шықты.

Соңғы жаңалықтар