Ресейде мобилизация жарияланғалы Қазақстанға ағылған этникалық қазақтар саны көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде мобилизация жарияланғалы Қазақстанға ағылған этникалық қазақтар саны көбейген

Ресейде мобилизация жарияланғалы Қазақстанға ағылған этникалық қазақтар саны көбейген

Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 50 пайызы Өзбекстаннан болса, 16,3 пайызы Қытайдан келген. Сондай-ақ, іргелес Ресейден де тарихи отанына оралып жатқандар көп. Көрші мемлекеттен келгендер - 15,9 пайызды құраған.

  • 9 Ақпан 2023
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қоныстанған. Былтыр Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы бері де Қазақстанға келген этникалық қазақтар саны көбейген. Олардың бүгінгі өмірі мен жоспарлары туралы әріптесім Райгүл Еншібай біліп көрген еді. 33 жастағы Жасдәурен Нұров Ресейде туып өскен. Бірақ, көрші елде мобилизация жарияланғаннан кейін ойланбастан тарихи отанына оралуды жөн көріпті. Айтуынша, Қазақстанға жалғыз қоныс аудармаған. Достарымызбен ақылдаса келе, жолға шығып кеттік дейді. Қазір Ақтөбеде тұрып жатыр. Қызмет көрсету саласында тәжірибесі мол барист, бастапқыда шетел аралап жұмыс істесем деген жоспарым болған. Бірақ елден дәл осындай жағдайда кетемін деп ойламадым дейді.

ЖАСДӘУРЕН НҰРОВ, Этникалық қазақ:

– 21 қыркүйек күні мобилизация туралы естідік. Бірден кетуді ұйғардым. Он алты сағат шекарада тұрып, Қазақстанның Батыс Қазақстан облысына жеттік. Автобусқа мініп Ақтөбеге келдік. Алматыға да барып келдім. Бірақ туысым Ақтөбеде болған соң осында қалуды жөн көрдім. Бес күн ішінде «Қандас» деген мәртебе алдым. Жасдәуреннің Ақтөбеге келгеніне тура бір ай болған. Мұнда да сүйікті ісін жалғастыруды жөн көріпті. Кофе әзірлейді. Оған қоса, жиһаз жинау ісін жүргізгісі келетінін жасырмады. Қиын-қыстау сәтте кеудесінен итермей, керісінше бауырына тартқан қандастарына дән риза. Ендігі мақсатым, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қоссам дейді.

ЖАСДӘУРЕН НҰРОВ, Этникалық қазақ:


– Ойымда жоспар көп. Құжатымды толық реттеген соң, тұрақты түрде осында қалғым келеді. Ақтөбеде болмаса да әйтеуір Қазақстанның ішінде тұрсам деймін. Елімізде отанға оралған қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек пен жеңілдіктер беріледі. Балаларын мектепке орналастырып, жұмысқа тұруына, жоғары оқу орындарына түсуге квота, медициналық қызмет алу және жалға берілетін тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге бір жыл бойы ақы төлеу көмектерін алуға мүмкіндік бар. Бастысы — мемлекеттік органдарға уақтылы жүгіну қажет дейді мамандар.

МИРА БҮРКІТОВА, Ақтөбе облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

– ҚР заңына сәйкес, қандас мәртебесін алған азаматтар осы елде тұрақты тұруға рұқсат алу үшін және азаматтығын алуға құжат тапсыра алады. Бұл 90 күн ішінде қаралады. Қандас статусын растайтын құжат оның төлқұжаты секілді маңызды. Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан "қандас" мәртебесін алған этникалық қазақтардың 69 пайызы еңбекке қабілетті жаста. Және білім деңгейі бойынша 20 пайыздан астамы жоғары білімді, 40 пайызының арнаулы орта білімі болса, 35 пайызы жалпы орта білімі бар. Тек 4 пайызға жуығының білімі жоқ.