Жарияланды: 500

Ресейде мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы 1 желтоқсаннан бастап бір тоннасы үшін 192,1 доллар болып белгіленді

Алматы. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Ресейде мұнайдың экспорттық кедендік баж салығын 2008 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бір тоннасы үшін 192,1 долларға дейін төмендетуге шешім қабылданды. РФ премьер-министрі Владимир Путин "Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған жекелеген санаттағы тауарларды Ресей Федерациясы аумағынан кедендік одақ жөніндегі келісімге қол қойған елдерге шығаруға кедендік баж салығын бекіту туралы" 2008 жылдың 26 қарашасындағы

№876 қаулысына қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ үкіметінің сайтына сілтеме жасап. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін