Қазіргі уақытта Ресейде оқитын қазақстандық студенттер үшін шекара уақытша жабық. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі мәлім етті,деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Елшілік жағдайды ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын атап өтті.
— Мүмкін келесі аптада бұл мәселеге қатысты жауап алынады, ол туралы қолдағы бар ресурстар арқылы бірден хабарлаймыз. Сондықтан бізден хабар күтіңіздер. Туындаған форс-мажор жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, — делінген елшілік хабарламасында.
Әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты дәл осындай жағдайтуындаған, деп атап өтті елшіліктегілер.