Ресейде өзге тілдерді оқыту тәртібі жойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде өзге тілдерді оқыту тәртібі жойылады

Ресейде өзге тілдерді оқыту тәртібі жойылады

Ресейде өзге тілдерді оқыту тәртібі жойылады. Енді Ресейдегі қазақтар ана тілінде балаларын оқыту үшін мектепке жеке өтініш жазатын болады.

  • 26 Шiлде 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

25 шілдеде Ресей мемлекеттік думасы ана тілдер туралы заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Екі депутат қарсы болған, қалған 388 депутат қолдаған, деп жазды Абай.кз.

Егер заң жобасын парламенттің жоғарғы палатасы қолдап, президент қол қоятын болса, онда Ресейдің барлық аймақтарында түпкілікті ұлттың тілін міндетті оқыту тәртібі жойылады.

Ұлттық республикалар мен аймақтарда тұратын орыс халқының "балаларымыз басқа тілдерді оқуға мәжбүр" деген шағымдарына, президент Владимир Путин балаларды ана тілі болмаған тілді оқытуға мәжбүрлемеу керек деген.

Ресей президентінің бұл нұқсауы аймақтардарғы мектептерде түпкілікті ұлттың тілдерін оқытуды жоюға алып келді.

Биыл 10 сәуірде заң жобасы думаға түскеннен кейін, «Мектептерде ана тілдерді міндетті түрде оқыту сақталуы керек» дегенді қолдайтын бастамашыл топ Change.org сайтына петиция жариялаған. Оның авторлары Владимир Путиннен мектептерде ана тілдерін міндетті оқу тәртібін жоюға жол бермеуді сұраған.


Мемлекеттік дума заң жобасын талқылау кезінде Татарстан сарапшыларының ұсыныстарын қабылдамады. Енді татар балаларына татар тілін оқыту үшін, ата-аналары мектепке жеке өтініш жазатын болады.