Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

Ресейде Владимир облысында пойызбен соқтығысқан автобуста болған қазақстандық жүргізушілердің аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Ресейдегі Қазақстан елшілігі жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

  • 6 Қазан 2017
  • 486
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысынан барған автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. Олардың біреуі 47 жастағы Данияр Шілдебаев қаза тапты. Екіншісі 40 жастағы Нұрғали Сарманов аман, ол қаласына Покров жеткізілген. 

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 6 қазан сағат 3.30-да Владимир облысы Покров станциясы ауданында жолаушылар автобусы Санкт-Петербург – Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысты. Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус 55 Өзбекстан азаматын тасымалдаған. 6 қазанға қараған түні трассадағы кептелісті айналып өтіп, темір жол өткелінде қызыл түске жүрген автобус сынып тоқтап қалады. Жүргізуші келе жатқан пойызды көріп, айқайлап жіберген, 34 жолаушы атып шығып, автобусты итере бастайды. Бірақ пойыз тоқтап үлгермей, автобусқа соғылады.

Соңғы мәліметтер бойынша автобус ішінде болған 18 адам қаза тапты. Жүгіріп шыққандар аман қалды. 


 

Соңғы жаңалықтар