Ресейде Қазақстан азаматы бір адамды өлтіріп, шошқаға жегізген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Қазақстан азаматы бір адамды өлтіріп, шошқаға жегізген

Ресейде Қазақстан азаматы бір адамды өлтіріп, шошқаға жегізген

Қазақстан азаматы мен оның сыбайласы РФ Омбы облысында фермерді өлтіріп, ақшасын тонап кетті деген күдікке ілінді, іс сотқа жіберілді, деп жазады.

  • 7 Шiлде 2017
  • 378
Фото - Caravan.kz

40 жастағы қазақстандыққа кісі өлітіріп, қарақшылық жасады деген айып тағылған, ал оның 43 жастағы сыбайласы, Омбы облысының тұрғыны қарақшылық жасап, кісі өлтіруге итермелегені үшін айыптталды, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел адам Боголюбовка ауылында тұратын 57 жастағы фермердің қомақты қаражаты барын біліп, сыбайласына оны мас қылып, өлтіріп, ақшасын тонауды ұсынады.

Ойлаған зұлымдығын сыбайластар биылғы жылы 14 ақпанда іске асырады, бірігіп арақ ішіп отырғанда, қазақстандық азамат фермерді буындырып өлтірген. Қаныпезерлер фермердің үйінен 200 мың рублін (шамамен 1800000 теңге) тонап кетті. Ал мәйітті шошқаларға жегізген.

Ер мен әйел айыптарын жартылай мойындап, ұрлаған ақша сомасының азырақ болғанын жеткізді.


Қазір Қазақстан азаматы қамауға алынған, ал кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар сыбайласы қолхат жазып берген. 

Қылмыстық іс Омбы облыстық сотында қаралады.