Ресейде қазақстандық блогерлер сотталды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде қазақстандық блогерлер сотталды (видео)

Ресейде қазақстандық блогерлер сотталды (видео)

Мәскеудің Пресненск соты осы жылдың наурыз айында такси жүргізушісінің көлігін күлкілі видео түсіру үшін айдап әкеткен қазақстандық блогерлерге үкім шығарды. Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

  • 26 Қараша 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Сот айыпталушылардың әрқайсысын үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", — деп жазды Мәскеу прокуратурасы өзінің Telegram парақшасында.

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасауды ұйғарған. BMW жүргізушісі олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, жастардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен, олардың бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған.

Кейін айыпталушылар қайтып келіп, жүргізушіге онымен әзілдескенін түсіндірген.


Полиция алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.