Ресейде Құрманбек Бакиевтің төңірегіндегілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Құрманбек Бакиевтің төңірегіндегілер ұсталды

Ресейде Құрманбек Бакиевтің төңірегіндегілер ұсталды

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясында экс-президент Құрманбек Бакиевтің бірнеше серігі ұсталғанын мәлім етті,

  • 14 Маусым 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Росбалт агенттігі.

ІІМ Қылмыстық іздеу бас басқармасының басшысы Тілек Әлібаев, басқарманың жедел тобы Ресейге 2 маусымда аттанғанын атап көрсетті. «Олар халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді ұстады, олардың үшеуі елдің оңтүстігінде 2010 жылдың маусым айында болған оқиғалар бойынша қозғалған істер бойынша күдіктілер», — деді Т.Әлібаев.

Оның айтуынша, 8 маусымда Мәскеуде активтерді басқару комиссиясының бұрынғы мүшесі және АзияУниверсалБанктің тәуекел-менеджмент бөлімінің экс-басшысы Сергей Костюк ұсталды. «Максим Бакиевтің (экс-президенттің ұлының) қаржыгері болған ол Бакиевтердің отбасылық есепшоттарындағы ақшаның қайда кеткенін білуі мүмкін. Қазір оны елге экстрадициялау мәселесі шешілуде», деді Т.Әлібаев.

Т.Әлібаев басқа ұсталған азаматтардың аты-жөндерін атаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар