Прокуратура төрт қазақстандық пен бір Ресей азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша айыптау қорытындыларын растады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері "Аса бағалы құстар контрабандасы" бабы бойынша айыпталып отыр.
Тергеу деректеріне сүйенсек, олар Ресейдің Омбы облысынан Қазақстанға ақсұңқарлар мен ителгілерді алып өтпек болған. Бұл құс түрлері аса бағалы болып саналады және Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген.