Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді

Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді

 

  • 1 Қараша 2019
  • 4
Фото - Caravan.kz

Ресейде интернеттің ресейлік сегментін ғаламтордың жаһандық инфрақұрылымынан ажыратқан жағдайда оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми тұлғалар мен сарапшылардың айтуынша, жаңа заңның ресейлік интернетті пайдаланушыларға ешқандай әсері болмайды, Рунет әлемдік Интернет кеңістігінің бір бөлігі болып қала бермек. «Заңның күшіне енуінен ресейлік қолданушылар ешқандай өзгерісті байқамайды, байланыстың сапасы да нашарламайды», — деп мәлімдеді РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Евгений Новиков. Заңға сәйкес, Рунеттің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төнген жағдайда Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) жалпы көпшілік пайдаланатын байланыс желісін өз бақылауына алады. Ал ондай қауіптің туғаны, бақылауды федералдық қызметке тапсыру туралы үкімет шешім қабылдайды. Заңның қабылдануы жұртшылық арасында қызу талқыланды. Тіпті Қытайдың «Алтын қалқаны» сияқты жабық кеңістік құрылады деп уайымдағандар да болды. Федералдық қызметтің басшысы Александр Жаровтың мәлімдеуінше, Ресейде тек қана тыйым салынған нәрселер бұғатталады, тыйым салынған ақпараттарға ғана шектеу қойылады. Ал байланыс министрінің орынбасары Алексей Волин Қытайдың ұстанған жолы Ресейге тура келмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, ҚХР ішкі нарығы Ресейге қарағанда әлдеқайда ауқымды, сондықтан экономикалық тұрғыдан өзін қамтамасыз ете алады. Оның үстіне, Рунетті пайдаланушылар 300 млн адамнан асады, яғни Ресей халқынан екі есе көп. Ал Рунетті оқшаулап қою Рунет нарығын кем дегенде екі есе қысқартумен барабар.