Ресейде шет елден әкелуге тыйым салынған азық-түлік жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде шет елден әкелуге тыйым салынған азық-түлік жойылды

Ресейде шет елден әкелуге тыйым салынған азық-түлік жойылды

Ресейге шет елден әкелуге санкция бойынша тыйым салынған азық-түлік жойылып жатыр. Президент Владимир Путиннің осы шараны қарастыратын жарлығы күшіне енді.

  • 8 Тамыз 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, көрші елде 1 күннің ішінде 319 тонна азық-түлік өртелген және қоқысқа тасталған. Олардың көбі – жеміс-жидектер, көкөністер және сүт пен ет өнімдері. Бұлардың 20 тоннасы Орынбор облысында жойылды. Тыйым салынғанына қарамастан Латвиядан әкелінген, бағасы аса қымбат ірімшіктер де қоқыс полигонына түгелдей тасталды. Бір айта кетерлігі, бұл өнімнің Ресейге біздің ел арқылы тасымалданғаны анықталды. Дегенмен, кезінде жоқшылық азабын тартқан Ресей жұртының басым бөлігі азық-түліктің жойылуына қарсы. Тіпті қоғам белсенділері заңсыз жеткізілген тауарларды жетім-жесірге тарату туралы бастама көтеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар