Ресейде «Сибирь» мен «Торпедо» командаларының кездесуі төбелеске ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде «Сибирь» мен «Торпедо» командаларының кездесуі төбелеске ұласты

Ресейде «Сибирь» мен «Торпедо» командаларының кездесуі төбелеске ұласты

  • 17 Наурыз 2016
  • 311
Фото - Caravan.kz

16 наурыз күні Новосібірде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Валерий Карпин басқарған «Торпедо» командасы екі допты пенальтиден ендірді. 48-ші минутта Роман Григорян көзге түссе, ойынның 90-шы минутында Жан-Жак Бугуи екінші голды қақпаға дәл бағыттады. 86-шы минутта 11 метрлік тағы бір соққыны Александр Васильев жүзеге асыра алмады.

Бугуидің голынан кейін футболшылар алаңда төбелес шығарды. Төреші «торпедолық»: Никита Глушков пен Абдулла Абациевқа, сондай-ақ «Сибирь» ойыншысы Роман Беляевқа қызыл қағаз көрсетті.


РФО-ның Бақылау-тәртіптік комитеті жұма күні футболшылардың бір-біріне қол жұмсауына қатысты кезектен тыс отырыс өткізеді.