Ресейде тікұшақ қаланың ортасына құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде тікұшақ қаланың ортасына құлады

Ресейде тікұшақ қаланың ортасына құлады

Камчатка өлкесіндегі Елизово қаласында Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Тікұшақта болған 3 адам зардап шеккен. 

  • 30 Қараша 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

БАҚ-тың хабарлауынша, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлады ТАСС агенттігі. 

Тікұшақ қала орталығындағы Рябиков көшесі бойынша 50-ші үй маңындағы «Радужный» спорт кешенінің жанына келіп апатты жағдайда қонған.

«Үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер тікұшақ бірнеше секунд ауада қалқып, биіктіктен жерге құлғанын жеткізді», — деп хабарлады Камчатка өлкесі бойынша РФ ТЖМ. 
Бортта үш адам болған, екі экипаж мүшесі, бір турист. Тікұшақ «Кречет» компаниясына тиесіл. Болжам бойынша, апатқа қозғалтқыштың техникалық ақауы себеп болған.


2

Соңғы жаңалықтар