Ресейде Түркияға жолдама ұсынған сайттар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Түркияға жолдама ұсынған сайттар жабылды

Ресейде Түркияға жолдама ұсынған сайттар жабылды

Ресейде соттың шешімімен Түркияға туристік жолдама ұсынған 20-дан астам интернет-сайт жабылды, деп хабарлайды BBC.

  • 2 Маусым 2016
  • 482
Фото - Caravan.kz

Сайттарды бұғаттағаны жөнінде Ресей Федерациясы тұтынушылардың құқығын қадағалау жөніндегі қызметі хабарлаған. Аталған мекеме сайттардың үстінен сотқа арызданыпты. 

Сайттар Ресей президенті Владимир Путиннің былтыр қараша айындағы Түркияға экономикалық және азаматтарына визалық санкция салу жөніндегі жарлығына сәйкес жабылды.

Мәскеудің Останкина соты тұтынушылардың құқығын қадағалау қызметінің талап арызын қанағаттандырған.

Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынас былтыр қараша айында түрік-сирия шекарасында ресейлік ұшақты Түркия тарапынан атып түсірілгеннен кейін бірден суыды. Анкара ресей ұшағы түрік әуе кеңістігін заңсыз кесіп өтті десе, Мәскеу бұл айыптарды жоққа шығарады.


Соңғы жаңалықтар