Заң жобасы Мемлекеттік думаға 2015 жылы мамырда түсіп, құқық қорғаушылар тарапынан бірден сынға ұшыраған. Баспасөзде ол "садистер заңы" деп аталып кеткен. Заң жобасына депутаттар биыл желтоқсанда — түрмеде отырған оппозицияшыл белсенді Ильдар Дадиннің колонияда өзін азаптағаны туралы хаты жарияланғаннан бір айдан соң түзетулер енгізген.
Заң жобасынан ең алдымен жазаны атқару қызметінің қызметкерлеріне түрмеде отыру тәртібін бұзғаны үшін дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануға рұқсат беретін бап алынып тасталды. Сонымен қатар "кездейсоқ кінәсіз адам зардап шегуі мүмкін" деген қауіппен топталып жиналып тұрған тұтқындарға қарсы оқ атуға да тыйым салынды.
Мемлекеттік дума заң жобасын 21 желтоқсанда қабылдаған.