Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

Ресей Президенті Владимир Путин сенбі күні Мысырда ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты

  • 1 Қараша 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы 1 қарашаны қаралы күн ретінде жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметінен. 

«Қаралы күні ел аумағында РФ барлық туралы төмен түсіріледі. Мәдени мекемелер мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық бағдарламаларын тоқтату ұсынылады. РФ үкіметіне Ресей Федерациясының мемлекеттік билік субъектілері органдарымен бірлесіп қаза тапқандардың отбасыларын көмек көрсету бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру жүктеледі», делінген хабарламада. 
Бұдан бұрын Путин апаттан ажал құшқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтқан еді.


Еске салайық, ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының «Шарм-эш-Шейх — Санкт-Петербор» 9268 бағытындағы Airbus-321 әуе лайнері Мысырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 6:21-де ұшып шығып, 23 минуттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Мысырдың Синай түбегінің орталығында апатқа ұшыраған ресейлік азаматтық ұшағының сынықтары табылды.

Соңғы жаңалықтар