Ресейде жаңғырмалы табиғи ресурстар министрлігі құрылуы мүмкін
Ресейде жаңғырмалы табиғи ресурстар министрлігі пайда болуы мүмкін. |
Бұл туралы "Коммерсант" газетіне сілтеме жасап, Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.
Жаңғырмалы табиғи ресурстар министрлігін құру мәселесі өткен жылдың соңынан бері президент әкімшілігі мен үкіметте қаралуда», - деп жазады басылым.
Газеттің жазуынша, 2012 жылғы желтоқсан айының соңында премьер-министр Дмитрий Медведев вице-премьер Аркадий Дворковичке бұл мәселені пысықтауды тапсырды.
"Ъ" мәліметінше, жаңа құрылым Балық шаруашылығына бағытталып, бұл сала Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырынан шығарылатын болады.
Жаңғырмалы табиғи ресурстар министрлігін құруға балама ретінде үкіметке балық шаруашылығы проблемасын шешу үшін орман, балық және аңшылық шаруашылықтары базасында Балық өнеркәсібі министрлігін құру ұсынылуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін