Қазақстанның жұмыссыз азаматы Мәскеу маңындағы Подольскіде жетінші сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды, — деп хабарлайды "360" телеарнасы.
Қылмыстық істің мән жайы қазақстандық азамат айыпталған басқа бір қылмыстық іс арқылы анықталған. Оған қасақана адам денсаулығына зиян келтіру, артынша осы әрекеттің кесірінен абайсызда адам өлтіру айыбы тағылған. Тергеушілер оған РФ Қылмыстық кодексінің 132-бабы ("Он екі жасқа толған, бірақ 14 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") басқа қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.