Сондай-ақ кездесулердің осы кезеңінде Айдос Арапов (52) кубалық Элио Кресподан 2:3, Айболды Дауренұлы (+91) Георгий Чигладзеден жеңіліп қалды.
Айта кету керек, 26 қараша күні Саматали Толтаев австралиялық Сэм Гудманға, Бек Нұрмағанбет неміс Везир Агирманға, Садриддин Ахмедов британдық Мохаммед Акбаровқа, Бекзат Нұрдәулетов украиналық Роман Савицкийке қарсы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.