Ресейдегі Байбаек селосының тұрғындары мен ресейлік шекарашылардың арасындағы қақтығыс туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі Байбаек селосының тұрғындары мен ресейлік шекарашылардың арасындағы қақтығыс туралы

Ресейдегі Байбаек селосының тұрғындары мен ресейлік шекарашылардың арасындағы қақтығыс туралы

Ресей Федерациясының Астрахань облысында 24-ші мамырда Байбек аулының тұрғындары мен ресейлік шекарашылардың арасында орын алған шиеленіс кезінде ресей шекарашылары даудың өршуінің алдын алу мақсатында автомат қаруын қолданды.

  • 1 Маусым 2011
  • 714
Фото - Caravan.kz

«Шиеленіс ұлтаралық сипатта болған жоқ… Қару жастардың арасындағы төбелесті болдырмау үшін қолданылды», — деп Астрахань облысы губернаторының әкімшісінің әскери бөлімшелер мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланыс жөніндегі басқармадан (ӘБмҚОАББ) мәлім етті.

Губернатордың баспасөз қызметі ӘБмҚОАББ бастығы В. Хватковқа сілтемелеп, алдын ала мәліметтер бойынша, шиеленіс тұрмыстық даудан туындады деп хабарлады.

«2011-ші жылы 24-ші мамырда ресейлік шекара әскери бөлімшесінің жауынгерлері мен Краснояр ауданының Байбек ауылының тұрғындарының арасындағы қақтығыс жеке көлігімен кетіп бара жатқан шекарашылар мен басқа көлікпен келе жатқан жергілікті жастар арасында орын алған кикілжіңнен басталған», — дейді ведомстводан.

ӘБмҚОАББ мәліметтерінше, әр түрлі деңгейдегі жарақат алғандар арасында 2 шекарашы мен 4 жас азамат бар.

«Оқиға орнына ауылдың маңында орналасқан заставадан дабылмен жеткен шекарашылар тобы бірнеше рет аспанға және жерге қаратып оқ атқан… Жастардың біреуі тізесінен жарақаттанды. Болжам бойынша оқ жердегі тастан шағылысып барып оның аяғына тиген. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа. Төбелеске қатысқандардың басқаларына оқиға орнында көмек көрсетілді», — делінген хабарда.

Оқиғадан кейінгі келесі күні мән-жайды біліп, тиісті шара қолдану үшін Байбекке губернатор әкімшілігінің, Қалмақ Республикасы мен Астарахан облысы бойынша РФ ФСБ шекара басқармасының, прокуратура, сондай-ақ Ресейдің тергеу комитетінің Астархан облысы бойынша тергеу басқармасының өкілдері келді, деді ведомстводан.

Бұл ретте ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, негізінен қазақтар тұратын Байбек селосындағы қақтығыс жаппай сипат алған. 2 шекарашы мен 4 азаматтың арасындағы орын алған төбелестен соң, ауылдағы жастар (10-15 адам) тынышталмай, таяқ жеген шекарашыларды қуған. Шекара бөлімшесінің маңында жалғасқан төбелесте шекарашылар атысып қорғала бастаған, ал ауыл жастары бір шекарашыны құлатып, одан Калашников автоматын тартып алған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі жергілікті тұрғын жарақат алған. Олардың біреуі ауыр жарақат алған. Шекарашылар мен жергілікті халық арасындағы қақтығыс ауылда беделі бар ақсақалдардың араласуының арқасында басылған, дейді Ресей БАҚ-тары.

Соңғы жаңалықтар