Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Елші Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы әңгімелеп, жуырда Сочиде өткен ЕурАзЭҚ саммиті аясындағы басты оқиғалардан хабардар етті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Рессейдің іскерлік өкілдерінің форумына қолдау көрсетуге келісті. Шара осы жылдың желтоқсан айының басында өтеді деп межеленген.
Тараптар екі жақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді. Қонақтар елшіні мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті