Ресейден әкелінген автокөлік: Атырауда Сall center-ге 200-ден астам сауал түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейден әкелінген автокөлік: Атырауда Сall center-ге 200-ден астам сауал түскен

Ресейден әкелінген автокөлік: Атырауда Сall center-ге 200-ден астам сауал түскен

Атырауда Ресейден әкелінген автокөліктер үшін ашылған арнайы Сall center-ге 200-ден астам сауал түскен.

  • 14 Қараша 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қарашада Call center ашылып, байланыс нөмірлері іске қосылған.

«Атыраула ашылған арнайы байланыс нөмірлеріне көліктері Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған атыраулық тұрғындар тарапынан 201 сұрақ түсті. Сауалдың 92-сі автокөліктің Ресей Федерациясында тіркеуде бар-жоғын анықтауға қатысты болды. Ал, 10 сауал еш жерде тіркеуде болмаған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары мен айыппұлдары туралы ақпараттарды білу үшін жолданған. Сондай-ақ, тұрғындардан Ресей елінен әкелінген автокөлігін Қазақстанда тіркеу үшін қажетті құжаттар мен іс-шаралар жөнінде 37 сұрақ берілді. Арнайы автотұраққа қойылған автокөлікті шығару, қандай көліктерді тіркеуге болады және қанша мерзімге созылады деген сұрақтар да қабылданып, тиісті жауаптары жолдануда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар