Ресейдің Балқаштағы әскери базасына шабуыл жасағандар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Балқаштағы әскери базасына шабуыл жасағандар сотталды

Ресейдің Балқаштағы әскери базасына шабуыл жасағандар сотталды

Терроризм бойынша айыпалғандар 10-нан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.Сегіз адам "Террористік ұйым құру, жетекшілік ету және мүше болу", "Қару немесе жарлығыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру" бойынша айыпты деп танылды.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 1012
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Судья Қайрат Қасымов үкімді жария ету кезінде сотталушылардың айыбы жиналған дәлелдер мен сотталушылардың өздері берген куәліктері негізінде дәлелденгенін айтты.

Сот шешімімен Бауыржан Спамбет және Ерлан Үсенов 14 жылға, Думан Үсенов, Қайып Үсенов және Кеңес Ташмұхаметов 12 жылға, Мұрат Махмұтов 11 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясына, Бақытжан Абдықошев және Нұрбол Қылышбаев 10 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Барлық сотталушының мүлкі тәркіленеді.

Сотталушылардың туыстары аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 


Еске салайық, Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген еді. 2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілген болатын.

Соңғы жаңалықтар