Ресейдің екі үйір жылқысы Павлодар облысынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің екі үйір жылқысы Павлодар облысынан табылды

Ресейдің екі үйір жылқысы Павлодар облысынан табылды

Павлодар облысында шекарашылар қараусыз жүрген екі үйір жылқыны тапты. Ресейдің Барнауыл аумағынан ұрланған Қамбар ата төлін шекарашылар тұяқтарының ізіне түсіп, мемлекеттік шекарадан 40 шақырым жерден анықтаған.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz


Барымташылар жүзге жуық басты Қазақстанға әкеп сатпақ болған көрінеді. Көрші елдің тәртіп сақшыларынан түскен ақпарат бойынша, қаскөйлер жылқышының аяқ қолын матап, алдындағы малын айдап әкеткен. Жылқы табылса да, ұрылар із суытып үлгеріпті. Қазір 4 барымташыдан құралған қылмыстық топ іздестірілуде. Ал жылқылар Ресейдегі иесіне қайтарылды.