деп хабарлады білім басқармасы.
Байқау 25 наурызда Карасук (РФ) қаласында мәреге жетті. Оған Амур, Кемер, Новосібір, Омбы облысы мен Алтай, Краснояр және Қазақстан Республикасының 100-ден астам орындаушылар қатысты. Айта кетейік, бұл сайысқа Павлодардың атынан «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернат-колледжі кешенінің» тәрбиеленушілері барды.
Музыка докторы, профессор, симфоникалық үрмелі және екпінді аспаптар бүкіләлемдік қауымдастығының және Штутгарт (Германия) қаласы ансамблінің президенті Леон Блай басқарған әділқазылар алқасы павлодарлық жас музыканттардың шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейін бағалап, шеберліктерін атап өтті.