Ресейдің Ғылым академиясы орыс тілінде "Ислам энциклопедиясы" атты көп томдық шығармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Ғылым академиясы  орыс тілінде "Ислам энциклопедиясы" атты көп томдық шығармақшы

Ресейдің Ғылым академиясы орыс тілінде "Ислам энциклопедиясы" атты көп томдық шығармақшы

Ресей Ғылым академиясының шығыстану институты орыс тілінде "Ислам энциклопедиясы" атты көп томдық шығармақшы. Бұл туралы бүгін, 27-сәуірде "ХХІ ғасырдағы халықтардың келісім мен бірлікте өмір сүру мәдениеті" атты халықаралық форумда институт директоры Ростислав Рыбаков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 703
Фото - Caravan.kz

Р.Рыбаковтың айтуынша, жоба аясында 10 томдық «Ислам энциклопедиясымен» бірге энциклопедиялық сөздік те шығарылмақшы. «Жоба әзірге басталу сатысында»,- деп мәлімдеген Р.Рыбаков көп томдықтың нақты жарық көретін уақытын айта алмады.

Шығыстану институты директорының айтуынша, ғаламнаме таяу және алыс шетелдік авторлардың еңбектері негізінде құрастырылады. «Біздің экспедициялар қазірдің өзінде Тәжікстан мен Оманда жұмыс істеп жатыр, ал бүгін бұл идея туралы Қазақстанның бас мүфтиімен ой бөлістім»,- деді Р.Рыбаков. «Энциклопедия мен оның басылуына қатысты жұмыстарға Қазақстандық авторлардың еңбектерін қамту үшін аталмыш идеяны бас мүфтидің мақұлдауы қажет болды»,- деді Р.Рыбаков.
Оның айтуынша, «Ислам энциклопедиясы» атты көптомдық шығару туралы идея 2004-жылғы тамызда Мәскеуде өткен шығыстанушы ғалымдардың бүкіләлемдік конгрессінде жария етілді.