Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс

Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс

МӘСКЕУ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебі туралы қорытындыны тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап.

  • 2 Тамыз 2006
  • 402
Фото - Caravan.kz



2006-жылдың 26-шілдесінде ғарыштық аппараттарды алып ұшқан РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін анықтау жөніндегі Ресейдің мекемеаралық комиссиясын осы елдің қорғаныс министрлігі құрған. Оны «Машина жасау жөніндегі орталық ҒЗИ» бас директоры, Ресей ҰҒА-ның академигі Николай Анфимов басқарады.

Комиссия құрамына «Роскосмос», Ғарыштық әскерлер, «Южное» мемлекеттік конструкторлық бюросы, «Космотрас» МКК мен басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері енген.

Комиссияның отырысы 4-тамызда Украинаның Днепропетровск қаласында өтеді.

Перейти к новостям спорта