Ресейдің MTV телеарнасы жабылмақ
2013 жылдың 1 маусымынан бастап MTV Россия телеарнасы жабылады, |
деп хабарлады BBC орыс қызметі.
Ал оның жиілігінде «Пятница» ойын-сауық телеарнасы пайда болмақ. БАҚ-тардың таратқан ақпараттарына қарағанда, 2007 жылы MTV арнасын сатып алған "ПрофМедиа" компаниясы оның брендінен бас тартып, Viacom-мен пайдалану келісімшартын ұзартуға ниет танытып отырған жок. «Пятница» жаңа телеарнасында "Прожекторперисхилтон" және "Большая разница" сынды шоулар көрермен назарына ұсынылатын болады.
MTV Россия өз қызметін 1998 жылы бастаған болатын. Бүгінде оны ТМД-ның 720 қаласының тұрғындары тамашалайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін