Ресей қаласында із-түзсіз кеткен жігіт туралы өтінішті полицияға оның жұбайы Мария Деркач берген.
Павлодар облысы Мыңқұл станциясының тұрғыны, жоғалып кеткен жігіттің әйелі Мария Деркачтың сөзіне қарағанда, жолдасы Андрей Томскідегі жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алуда. Биыл дипломдық жұмысын қорғауы тиіс, осыған байланысты ол мамыр айында Томскіге кеткен. Андрей отбасымен байланысқа соңғы рет 12 мамыр күні шыққан.
«Мен онымен соңғы рет жұма күні кешкі сағат алтыларда хабарластым. Ол ішімдік ішіп алыпты, өзінің үйге келе жатқандығын және әзірге Новосибирск қаласында достарында тұрақтағындығын айтты»,- дейді Мария Деркач.
Қазақстандық белгіленген уақытта үйіне оралмаған, телефоны өшірулі болған. 13 мамыр күні оның телефонына белгісіз бір адам жауап беріп, телефонды таксистен сатып алғандығын және өзінің Кемеров қаласында екендігін айтқан. Бұдан кейін байланыс мүлдем үзілген. Жоғалған жігіттің жақындары бірден полицияға хабарласқан.
Ресейде жоғалған жігіттің туыстарының сөзіне қарағанда, оның күйеуі Томскідегі сессиясына Карасук және Новосибирск арқылы 4 жыл бойы қатынап келген. Новосибирск қаласында оның ешқандай танысы немесе досы жоқ көрінеді.