41 мемлекет ұсынған осы және басқа да кандидатуралар бойынша шешімді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Канаданың Квебек қаласында өтетін өзінің 32-сессиясында қабылдайды. Сессия шілденің 2 мен 12 аралығында өтеді. Ол Квебек қаласының негізі қаланғанына 400 жыл толуына орайластырылып отыр.
Бүкіләлемдік мұра 141 мемлекеттегі 851 мәдени және табиғи мұраларды қамтиды. Дүниежүзілік бірегей құндылыққа ие бұл нысандардың арасында 660 мәдени, 166 табиғи және 25 мәдени әрі табиғи ескерткіштер бар. Олардың барлығы да Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенцияның қатысушылары болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті