Ресейдің Қоғамдық палатасы 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Қоғамдық палатасы 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрады

Ресейдің Қоғамдық палатасы 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауды сұрады

Ресей Федерациясы Қоғамдық палата мүшесі Султан Хамзаев РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету мүмкіндігін қарастыруды сұраған өтініш жіберді. 

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz


Хамзаевтың айтуынша, 31 желтоқсанды мереке алдындағы және қысқартылған күн екенін ескерген жөн, деп жазылды «Известия» мақаласында.

«Жаңа жыл алдында маңызды шешімдер қабылданбайды, кеңседе негізінен басшылық болмайды. Олардың бұл күнгі пайдалылығы нөлге тең. Бұл күні азаматтар мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүгінетініне күмәнім бар. Сондықтан, бұл күнді тиімсіз жұмыс күні деп санауға болады. Қанша адам сол үшін кептелісте тұрып, жұмысқа барып әуре болады. Жартысы мерекелік дастарханға дайындалу үшін ертерек сұранып кетеді. Бұл жұмыс күнінің маңызы бар ма?» — деп атап өтті Султан Хамзаев.