Ресейдің Қорған облысы ІІБ-ның бастығы Солтүстік Қазақстан облыстық полициясының жұмысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Қорған облысы  ІІБ-ның бастығы Солтүстік Қазақстан облыстық полициясының жұмысымен танысты

Ресейдің Қорған облысы ІІБ-ның бастығы Солтүстік Қазақстан облыстық полициясының жұмысымен танысты

Ресейдің Қорған облысы ІІБ-ның бастығы Сергей Федосов Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2005
  • 645
Фото - Caravan.kz

Қорған облыстық милициясының жетекшісі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровпен кездесіп, ішкі істер органдарын реформалау барысымен танысып, Петропавлдағы базалық ІІБ-ында болды. Мұнда ол жаңаша жағдайда жұмыс істеп жатқан жол және көші-қон полициясының іс-қызметімен танысып, криминалистика және компьютер кабинеттерін аралап, қылмыскерді тану процедурасы өткізілетін бөлмені көрді.

Сонымен бірге С.Федосов Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің түрлі қызметтері мен бөлімшелерінің жетекшілерімен жүздесті. Кездесуде заңсыз көші-қонға, есірткі саудасына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес сынды басты бағыттарда шекаралық ынтымақтастықты дамыту идеялары ортаға салынды. Ресейдің Қорған облысы ІІБ-ның бастығы мұндай кездесулер ресейлік және қазақстандық әріптестерді одан әрі жақындастырып, екі жаққа да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта