Ресейдің Самара облысының губернаторы К.Титов "Достық" орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Самара облысының губернаторы К.Титов "Достық" орденімен марапатталды

Ресейдің Самара облысының губернаторы К.Титов "Достық" орденімен марапатталды

Ресейдің Самара облысының губернаторы Константин Титов екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның мемлекеттік наградасы болып табылатын екінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Қазақстан президентінің атынан бұл орденді губернаторға осы мақсатпен арнайы Самара облысына ат басын тіреген Ресейдегі ҚР елшісі Қырымбек Көшербаев табыс етті. Сыйлықты табыс ету рәсіміне әкім Нұрғали Әшімов басқарған Батыс Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2004
  • 484
Фото - Caravan.kz

Н.Әшімов пен К.Титовтың кездесуінде екі аймақ арасындағы шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Аймақ басшылары екі облыс арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мәселесіне баса назар аударды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі еліміздің ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатын Ресеймен арадағы сауда-саттық аясын кеңейту — Қазақстанның сыртқы экономикалық басты бағдары екенін атап өтті. 2003-жылы Батыс Қазақстан облысына Ресейден импортталатын өнім мөлшері 113 процентке артып, 23,9 млн. долларды құрады.
Қазақстандағы Ресей жылы аясында осы елдің бес облысының өкілдері Батыс Қазақстан облысына ресми сапармен келіп қайтады деп күтілуде. Екі жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған бұл сапар 2004-жылдың мамыр айына белгіленген.

Соңғы жаңалықтар