«Біздің отандастарымызға, орыс тілі мен әдебиетін насихаттаушыларға, Ресей империясы мен Кеңес Одағында туылған азаматтарға азаматтықты жылдамдатылған тәртіпте берілуін әзірлеуді тапсырамын», деді ол Федералды жиналысқа арнаған жолдауында.
В.Путин атап өткендей, бұл елге тұрақты тұруға көшіп келгісі келген және сәйкесінше бүгінгі азаматтығынан бас тартуға дайын тұлғаларға қатысты жағдай.
В.Путин «Ресейге жаңа күш керек, Ресей білімді әрі еңбекқор жандарға зәру», деп айтты.
Қазіргі ережелер болса Ресейге мәдени және рухани тұрғыдан жақын тұлғаларға азаматтық алуда қиындық туғызып отыр, деді ол.