Жарияланды: 110

Ресейдің "Тополь" зымыраны Қазақстанды нысанаға алды

Ресейдің "Тополь" зымыраны Қазақстанды нысанаға алды

Ресей әскері Астрахань облысы Капустин Яр полигонында "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырды. Ол Қазақстандағы "Сарышаған" полигонындағы алдын ала қойылған  нысанды жойып жіберді.

Ол туралы ақпарат Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз релизінде белгілі болды.Ведомство бойынша ұшу міндеті толық орындалғаны мәлімденді.

Осы жылдың шілде айында "Тополь" зымыраны Қазақстан полигонындағы тағы бір нысанды көздеген. 

2018 жылы Ресей Қорғаныс министрлігі 2018-2019 жылға жоспарланған "Тополь" зымыранының ұшуын қысқартқан еді. Келер жылы стратегиялық міндеті бар Зымыран әскерін дайындау үшін және эксплуатация мерзімі ұзартылған, тұрақты сипаттамасы бекітілген РС-12М зымырандары ғана ұшырылатын болады. 

1988 жылы "Тополь"  РТ-2ПМ стратегиялық зымыран кешені мен үш сатылы қатты отынды қозғалтқышы бар 15Ж58 зымырандары соғысқа әзірлену қаруы ретінде қабылданған. Бастапқы салмағы 45 тонна құрлықаралық баллистикалық зымырандар 11 мың км қашықтықтағы нысанаға 1 тонна жауынгерлік жүктемені көздей алады. 15Ж58 зымыранының стандартты жүктемесі 550 килотонна ядролық жауынгерлік блок болып табылады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін