Ресейге барып емделіңдер. Қазақ дәрігер орыс тілді отбасыны емдемей қойды.
Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы педиатр орыс тілді отбасының баласын емдемей қойған. Дәрігердің емдемей қоюына себеп олардың орыс тілді болуында. Мұндай жағдайдың орын алмауы үшін арнайы комиссия құрылды деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.
Біз орыспыз, бізді сол себепті емдемейсіз. Баламды емдеу үшін мен Ресейге кетуім керек пе? – дейді автор.
Екі жақ та, полицияға арыз бергені белгілі болды.
Қостанай облысы денсаулық сақтау орталығының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева кикілжің шешіліп, барлығы жақсы болғанын хабарлады.
Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздар басқа елдерге қарағанда көбірек босанады
Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің ішінде 6 есе көп бала әкелетін ел болып шықты. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың Қоры (ЮНФПА) жаһандық баяндамасында айтылды.
Бұл туралы Mk.ru басылымы хабарлады.
Мұғалім студентінің тұрмысқа шығуынан бас тартқаны үшін оны өлтіріп тастаған
Полицияның мәліметінше, қазақстандық 26 жастағы мұғалім Шыңғыс Бекенов 21 жасар Назерка Бекжанованы ұрлап, оны өлтіріп әрі өз-өзінде өлтірмек болған, деп жазады Daily Mail.
Тасбөгет ауылындағы өзен бөгетіндегі көлікте қыздың денесі табылды. Жігіт жарақаттанған, бірақ жағдайы бірқалыпты көрінеді. Ал басы бөлшектен арудың басы сол жерден табылған.
Полицияның айтуынша, Назерке 26 жастағы мұғалімге тұрмысқа шығудан бас тартқан.
«Қыздың ата-анасы екеуінің үйленуіне қарсы болғанын естідім. Бірақ сол үшін өлтірудің не қажеті бар? Мұндай жағдай болатынын күткен жоқпыз. Қызды алып қашса да болатын еді ғой. Содан кейін қыздың ата-анасы ештеңе айта алмас еді» — дейді қыздың көршісі.
26 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсардың алдында хат қалдырған еді. Хатта екеуін бірге жерлегенін сұрап жазған.
Бекенов кінәлі болып танылса, онда ол 20 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болады.