Ресейге заңсыз 26 тонна қара металл асырмақ болған - ҚР ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейге заңсыз 26 тонна қара металл асырмақ болған - ҚР ҰҚК

Ресейге заңсыз 26 тонна қара металл асырмақ болған - ҚР ҰҚК

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Атырау» шекара отрядының «Құрманғазы авто» бақылау бөлімшесінде, өткен сейсенбі күні сағат 17.06-да шекара наряды біздің елімізден Ресейге қарай «Сканина» жүк көлігімен жалпы салмағы 13 тонна 300 кг қара металл сынықтарын (трубалар) заңсыз алып өтпек болған 51 жастағы Ресей азаматын ұстады.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz


Арада 6 сағат өткенде ( сағат 23.13-те) дәл сол бөлімшеде 35 жастағы тағы бір Ресей азаматы ұсталды. Ол «Рено» жүк автокөлігімен Ресейге қарай 12 тонна 300 кг қара металл сынықтарын заңсыз өткізбек болыпты.

Ұсталған азаматтар мен олардың жүктерінің тарапына тиісті процессуалды шешім шығару үшін іс Атырау облысының Құрманғазы ауданы бойынша ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар