Арада 6 сағат өткенде ( сағат 23.13-те) дәл сол бөлімшеде 35 жастағы тағы бір Ресей азаматы ұсталды. Ол «Рено» жүк автокөлігімен Ресейге қарай 12 тонна 300 кг қара металл сынықтарын заңсыз өткізбек болыпты.
Ұсталған азаматтар мен олардың жүктерінің тарапына тиісті процессуалды шешім шығару үшін іс Атырау облысының Құрманғазы ауданы бойынша ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.