Ресейғарыш туристерге ғарыш айлағын ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейғарыш туристерге ғарыш айлағын ашпақ

Ресейғарыш туристерге ғарыш айлағын ашпақ

Ресейғарыш Байқоңыр (Қазақстан) және Шығыс (Ресей) ғарыш айлақтарында туристік бағытты дамытуға ниетті, деп жазды «Известия» газеті. Мемлекеттік корпорация келушілерге қызмет көрсетпейді, мұнымен туристік операторлар айналысады деп көзделген.  

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz

Ресейғарыштың ресми өкілі Игорь Буренковтың сөзіне қарағанда, қажетті инфрақұрылымдық өзгерістерден кейін туристерге қызмет көрсететін операторлар ашық түрде таңдалады.  

lenta.ru хабарлағандай, Буренков қазір ғарыш айлағына турист ретінде баруға болатынын, алайда бұл қиынға соғатынын атап өтті.   «Экскурсиялар жүйелі түрде емес, ұшыру бойынша қызмет көрсетуге тартылған кәсіпорындармен келісімшарт бойынша бір реттен ұйымдастырылады», — деді ол. Сондай-ақ туристерді қабылдауға тиісті инфрақұрылым жоқ. Байқоңырда екі қонақ үй бар, алайда ұшыру кезінде олар лық толып кетеді.  

Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын қолданысқа беру орталығында мәлім еткендей, инфрақұрылым мәселесін алдағы екі жылда, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін шешу керек.   «Жүзден астам елден екі-үш миллион қонақ келеді деп күтілуде. Бір жүйеге келтіріп, мүмкіндіктерді тиісті деңгейде пайдалануға болады», — деді орталық бас директорының м.а. Ранохон Джураева.

РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев тамыз айында Шығысқа барғанда ғарыш айлағын туристік орынға айналдыруға болатындығын айтқан, деп жазды «Интерфакс».


24 тамызда Ресейғарыш ғарыш айлағын дамытуға 900 миллиард рубль бөлуді сұраған. Мемлекеттік корпорацияның ғылыми-техникалық кеңесі басшысы Юрий Коптевтің сөзіне қарағанда, 560 миллиард Шығыстағы ұшыру алаңдарының құрылысы мен оның инфрақұрылымын дамытуға бағытталуы тиіс

Соңғы жаңалықтар