«Актер танысу үшін бізге кинотеатрға өзі келіп, сеанс алдында поп-корн сатайын деп ұсыныс білдірді. Біздің кинотеатрдың дәл осы 7 наурыз күні туған күні. Ол қостанайлық көрермендермен жүздескісі келеді», — деп бүгін «Қазақстан» кинотеатрының әкімгері Светлана Салтыкова мәлімдеді.
Кинотеатр фойесінде бейсенбі күні кешкісін А.Панин кинокартина көрсетер алдында бір сағаттай сатушы болмақ. Ал фильм оның қатысуынсыз болады.