Ресейлік азамат Қазақстан шекарасын заңсыз өтпек болған
Павлодар облысының Успен аудандық сотында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз өткен ресейлік азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен. |
Ол шекара бекеттеріндегі инженерлік қоршаулар мен дуалдардан жаяу өткен.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындады.
Шекара бұзушы ҚР ҚК-нің 330-бабы, 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (323,6 мың теңге) айыппұл салынды. Айыппұл төленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін